443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қыз бала көп қабатты үйден құлап кетті

  • 242
  • UPD: 13:53, 19.01.2020
Павлодарда қыз бала көп қабатты үйден құлап кетті © pavlodartoday.com

Павлодарда 16 қабатты үйден құлаған қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Pavlodartoday.com.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қайтыс болған қыздың жасы шамамен 18-де екенін айтады. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Жедел жәрдемді оқиға орнына бұрын жеткен полицейлер шақырған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Қаланың орталығында орналасқан көп қабатты үйдің қай қабатынан құлағаны белгісіз. Үй академик Шокин атындағы көшеде орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы