380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда Крещение мерекесінде тұрғындар мұздай суға шомылды

  • 189
  • UPD: 22:11, 19.01.2020

Православ христиандары Крещение мерекесін тойлап жатыр. Осы діни мейрамның басты жоралғысына солтүстік қазақстандықтар да қатысып, салқын суға түсті. Таңсәріден Есілдің бойына ағылып, ойыққа кезек күткендер көп. 

«Крещу» сөзі грек тілінен аударғанда «Суға малу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл мейрамда крест суға салынып, өзен-көлдер аластатылып тазартылады. Барлық діни жоралғы жасалған соң бұл суды тіпті тұтынуға да болады деседі. 

Владимир Комисcаров, қала тұрғыны:

- Міне демалыс күні болса да таңсәріден тұрып өзіме және көршіме су алуға арнайы келдім. Енді күнде бір стаканнан ішіп отырамын. Өйткені адам денсаулығына пайдасы зор. Оның үстіне жан дүниеңді тазартады. 

Петропавлда сынап бағасы -10 градус шамасында. Дегенмен, сеніммен ерік-жігердің мықтылығының арқасында тұрғындар Есіл өзеніне көптеп ағылды. Себебі діни нанымдарға сенсек бұл күні аласталған су түрлі ауру-сырқауға шипа болады.

Айта кету қажет, бұл күні ойыққа шомылуды әдетке айналдырғандардың қатарында ұлты мен діні басқа жандар да бар. 

БЛИЦ:

- Керемет әсердемін. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Суға екінші жыл қатарынан түсіп жатырмын.

- Бұл керемет мереке. Оны асыға күтетініміз рас. Себебі судан шыққан кезде бойыңды керемет сезім билейді. Тіпті жасарып қалатындай боласың. Баршаңызға денсаулық тілеймін. 

Есіл өзеніндегі мұздың қалындығы 20-25 сантиметр. Сондықтан жағажайда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген режимде кезекшілік атқаруда. Жалпы бұл күні өңірде қасиетті суда шомылу рәсімі 40-тан астам орында ұйымдастырылды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы