376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 450 гектар жер телімі игерілмеген

  • 187
  • UPD: 08:07, 20.01.2020
Атырау облысында 450 гектар жер телімі игерілмеген

Атырау облысында түрлі мақсаттарға берілген жер телімдері игерілмей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы жылғы тексеріс нәтижесінде 449.5 гектарды құрайтын 135 жер телімі анықталды. Заң ережесіне сәйкес жер иелеріне басқарма арқылы нұсқамалар табысталған. Жалпы мұнайлы өңір бойынша өткен төрт жылда осындай жолмен 885,4 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 16 жер теліміне қатысты талап арыз сот орындарына жолданып, 160, 1 гектарды құрайтын 8 жер телімі кері қайтарылды. Жер иелерінің салақтығынан берілген учаскелердің бос жатуы көбінесе ауылдық жерлерде орын алған.

Жазира Жұмаханова, облыстық жердің пайдалануы және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының м.а.

– Сондай-ақ 2015-2017 жылдары Махамбет ауданы бойынша 25 кәсіпкерлік мақсаттағы ауданы 286,4 гектарды құрайтын, 26 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі ауданы 1580 гектарды құрайтын нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланбағандықтан, 1 жыл ішінде игеру қажеттілігі туралы нұсқамалар табысталған.

Хабар 24 телеарнасы