429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы білім ошақтары 18 жарым млн теңгеге бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталмақ

  • 403
Қостанайдағы білім ошақтары 18 жарым млн теңгеге бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталмақ

Биыл қостанайлық мектептер мен балабақшалар 18 жарым миллион теңгеге бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде білім беру нысандарының сыртында бір мыңнан аса, ал ішінде 600-дей камера орнатылған. Енді білім ошақтарындағы қауіпсіздікті полицейлер де онлайн жүйеде қадағалай алады. Барлық камералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады. Мұндай шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алады.

Әлімжан Қабиев, №115 орта мектебі директорының орынбасары:

- Бейнекамералар орнатылғалы бізде ешқандай оқыс оқиға, ұрлық тіркелген емес. Күндізгі уақытта вахтер маманы, ал түнде қарауылшы кезекшілікте болады. Олардың мониторларында мектептің іші және ауласы алақандай көрінеді. Кімнің келгенін, кеткенін бәрін қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы