375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

  • 438
  • UPD: 12:54, 20.01.2020
Қ.Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Д.С.Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 

Еске сала кетейік, кеше отбасылық жанжалға араша түспек болған Дархан Базарбаев пышаққа түсіп көз жұмғанын жазған едік.

Хабар 24 телеарнасы