376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының бірқатар елді мекен тұрғындары енді энергиядан тапшылық көрмейді

  • 169
  • UPD: 15:34, 20.01.2020

Бұдан былай Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының тұрғындары, оған қоса Алматы қаласының маңындағы тұтынушылар энергиядан тапшылық көрмейді.

Ондағы Батан ауылында «Самұрық Қазына» қорының еншілес құрылымдары Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, «Қаскелең» қосалқы станциясын іске қосты. Басқарма төрағасының айтуынша, енді өңірдегі энергетикалық қауіпсіздік мәселесі шешілді. Жоба «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Нысанның құны – 4,73 млрд теңге. Қайта жаңғыртудан өткен станцияның қуаты – 250 мегаватт. 2030 жылға қарай қосалқы станция 50 мыңнан астам жеке, 4 мыңнан астам заңды тұлғаға, сондай-ақ «Көкөзек» индустриалды аймағының тұтынушыларына да қызмет көрсету жоспарланып отыр.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» қоры ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

– Бұл – үлкен жоба. Алматы облысы қарқынды дамып келе жатыр. Мұндай электр энергиясы болмаса, оның әрі қарай дамуында қиыншылықтар туады. «Қаскелең» 6 мың 200 тұлғаға электр қуатын жеткізетін үлкен станция болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы