375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ет экспорты 63 мың тоннаға жетті

  • 148
  • UPD: 17:19, 20.01.2020
Елімізде ет экспорты 63 мың тоннаға жетті kapital.kz

2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ет және ет өнімдерінің экспорты 63 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін баспасөз мәслихатында Ет одағының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков осылай деді. Оның айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасы аясында елімізде 20 мыңға жуық отбасылық сипатқа ие ферма, 50 бордақылау алаңы және 15 заманауи ет өңдеу зауыты ашылған. Жалпы Қазақстан экспорт көлемін 60 мың тоннаға жеткізу міндетін осыдан үш жыл бұрын орындауы тиіс еді. Алайда, бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі бұлай кешігудің бірнеше себебі бар екенін айтты.

Асылжан Мамытбеков, Қазақстан ет одағының басқарма төрағасы:

- Біз бұл жобаны жоспарлаған кезде ішкі нарығымызда 6 миллион ірі қара мал бар деп жоспарлағанбыз. Бірақ идентификациядан кейін ол алты милионның төрттен бірі жоқ болып шықты. Әрине, бұл жоспардың орындалуына әсерін тигізді. Майда фермерларды ынталандыру үшін субсидия енгізу үшін заңға өзгеріс жасауымыз керек еді. 2011 жылы басталған, 2013 жылы бірақ қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы