426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air ұшақтарының жарамдылығын тексеру қанағаттанарлықсыз деп бағаланды

  • 521
  • UPD: 19:58, 20.01.2020
Bek Air ұшақтарының жарамдылығын тексеру қанағаттанарлықсыз деп бағаланды

Bek Air әуе компаниясының «пайдалану және ұшуға жарамдылығы туралы сертификаттарын» қолдану белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешімді «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» қабылдады. Себеп – соңғы үш жылда әуе компаниясында екі бірдей ірі апат болды. Bek Air-ді тексеру барысында бірнеше кемшілік анықталды. Біріншіден, компания әуе кемесінің ұшу жарамдылығын бақылай алмаған. Техникалық журналдардағы мәліметтер кей көрсеткіштермен сәйкес емес. Компания үнемі бір ұшақтың бөлшектерін алып, екіншісіне орнататын болған. Бұл әрекеттер Bek Air-дің қосалқы бөлшектерді алуға қабілетсіз екенін көрсетіп отыр.

Өрескел кемшіліктің тағы бірі – сағаттар мен циклдарды қадағалау үшін сериялық нөмірлер туралы ақпарат беретін деректер кестесі алынып тасталған. Мұндай мәселе бірнеше қозғалтқышта болған. Жалпы алғанда ұшақтардың жарамдылығын тексеру қанағаттанарлықсыз деп бағаланды. Bek Air қызметкерлерін даярлау да мәз емес. Алматы әуежайындағы бейне көрсетілімдерді зерттеу барысында Bek Air әуе кемелерінің қанатын экипаждар айналып өтпейтіндігі немесе тексермейтіні анықталды. Ал, бұл нұсқаулықта көрсетілген талап.

Атап өтейік, қазір Bek Air-ді тексеру жұмыстары жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін компания 10 күн ішінде барлық кемшіліктерді жою үшін «Қазақстан авиациялық әкімшілігіне» жоспарларын ұсынуы тиіс. Егер олқылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, «пайдаланушы және ұшу жарамдылығы туралы сертификаттары» біржола алынады.

Хабар 24 телеарнасы