375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда отбасылық жанжалға қатысты екі мыңға жуық іс қаралған

  • 237
  • UPD: 20:25, 20.01.2020
Ақтауда отбасылық жанжалға қатысты екі мыңға жуық іс қаралған krg.sud.kz

Былтыр Ақтауда отбасы жанжалы бойынша 1203 іс қаралып, салдарынан 713 неке бұзылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ №2 қалалық сот кәмелетке толмағандарға алимент өндіруге қатысты 67 азаматтық істің 45-іне шешім шығарды. Оның бесеуі тараптардың келісімге келуіне қарай қысқарған. Сондай-ақ өткен жылы алимент өндіру туралы 105 азаматтық іс қаралып, 70-ке жуығына сот шешімі шықты. Осы ретте тоғыз істің медиаторлар көмегімен оң шешілгенін айта кеткен жөн. Жалпы 2019 жылы Ақтауда алимент өндіру туралы істер бойынша екі мыңға жуық сот бұйрығы күшіне енді. Екі жыл бұрын осы өңірде Жоғары сот бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асқан еді. Заң жүйесіндегі жаңа бастама берекесі қашқан жанұя бірлігін сақтап қалуды көздейді.

Рахымжан Бисенов, №2 қалалық сот төрағасы:

- Бұл жоба Жоғары сотта жүзеге аса бастады. Бүгінде отбасы жанжалы, алимент өндіруге қатысты істерді бір сот қараса, оның шешімімен келіспеу жолдары ювенальды сотта талданады. Бұл ретте отбасылық сот азаматтық істердің бір жерде қаралуын көздейді. Мұнда сот отырысына судьядан бөлек психолог, әлеуметтік сала және ювеналды полиция қызметкері қатысады. Жоғары соттан пәрмен болған жағдайда №2 Ақтау қалалық сот бұл жобаны жүзеге асыруға дайын. Өкілетті орган келешек облыстық ювеналды сот базасында құрылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы