379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ер азаматтар бұрынғы жұбайларынан алимент төлеуді талап етуде

  • 143
  • UPD: 20:35, 20.01.2020
Шымкентте ер азаматтар бұрынғы жұбайларынан алимент төлеуді талап етуде

Осындай отбасылық драмалық іс қаладағы Қаратау аудандық сотында қаралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Судья Ләззат Әуелбекованың айтуынша, кейбір жағдайларда туған анасы өз баласынан бас тартатын көрінеді. Мысалы, қала тұрғыны өзінің онкологиялық ауруға шалдыққанын біліп, ұл-қыздарын күйеуіне қалдырмаққа бел шешкен. Ал жұмыс бабымен шетел асқан тағы бір азаматшаға қатысты сот алимент төлеу туралы шешім шығарған. Себебі, ол отбасымен ажырасқан соң бала-шағасын отағасына тастап кеткен. Көп жағдайда шаңырақтың шайқалмауын ойлаған аудандық сот медиация заңдылығына жүгінетін көрінеді.

«Татуластыру бөлмесінде ерлі-зайыптылармен арнайы психолог маман жұмыс істейді», - дейді Ләззат Сейітханқызы. Ал өткен жылдан бері шаһарда отбасылық сот жобасы қолға алынған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл жоба аясында 404 жұп өз жанұясын сақтап қалған. Ал ажырасудың негізгі себептері – отбасындағы кикілжіңдер мен тұрмыс тауқыметі. Сондай-ақ ішкілікке салыну мен құмар ойындарының жетегінде кету де ажырасудың алғы шарттарының бірі екен.

Ләззат Әуелбекова, Қаратау аудандық сотының судьясы:

- Жалпы 4231 іс түскен. Оның ішінде 1189 отбасылық істер болып табылады. Көбіне білесіздер, әйелдер береді неке бұзу жайлы талап арызды. Отбасыны сақтап қалу бастапқы медиацияның мақсаты бұл. Отбасылық 1189 іс түссе, соның 404-і медиациямен біткен.

Хабар 24 телеарнасы