375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықтағы баяу интернет ұстаздар жұмысына қолбайлау болып тұр

  • 122
  • UPD: 22:20, 20.01.2020

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында интернет жылдамдығы төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы Арқалық қаласының мектептері ғаламтор желісімен толық қамтылғанымен, сапасы көңіл көншіптейді. Соның салдарынан ұстаздар электронды күнделік толтыруға біршама уақыт жоғалтады. Шалғай елді мекенде цифрлық қызмет қаншалықты қолжетімді екендігін тілшіміз біліп қайтты.

Арқалық қаласының аумағында 26 мектеп бар. Соның барлығына интернет желісі тартылған. Алайда, оның жылдамдығы мардымсыз. Сол себепті мұғалімдер электронды күнделік толтыруға біршама уақыт рәсуа етеді.

Гүлбану Қарабаева, мұғалім:

Қайта-қайта ошибка-ошибка деп шыға береді ғой  Сосын біз қайта-қайта/скл/ мына жерде «обновит» басып отырып, бір класқа көп отырып қаламыз, мысалы әрбір балаға баға қойғанда. /скл/ қайта-қайта жазуға тура келеді кейде. Дұрыс жұмыс істемесе интернет бір сағат отырып қаламыз бір сыныпетың өзіне.

Арқалықтағы Кейкі батыр атындағы №4 мектеп үздіктердің санатында. Ғимараттың әр қабатында Wi-Fi құрылғысы орнатылған. Соның өзінде де мұндағы интернеттің жылдамдығы баяу.

Гүлнұр Мақсұтжанова, оқушы:

Кей кезде уақыт тапшылығы болып қалады. Үлгермей қаламыз бір нәрсені көруге. Интернет желісінің жылдамдығы жоғары болғанда жақсы болар еді  деп ойлаймын.

Ғаламтор желісі қаншалықты қолжетімді екендігін арнайы бағдарлама арқылы тексеріп көрдік. Электронды кесте дәл сол сәтте интернет жылдамдығы тым төмен екендігін көрсетті.

Нұрсұлтан Қалтай, информатика пәнінің мұғалімі:

- Бізде бір нүктемізде 4 мегабитт секунд деп тұр. Бірақ оны хаб арқылы, Wi-Fi роутер арқылы қосқан кезде ол азаяды. Оның жылдамдығы 1 мегабитке толмай қалады, шыны керек.

Мұндай мәселе бар екендігінен білім басқармасындағылар да, қала басшылары да хабардар. «Мектептерді интернетпен толық қамту жағын жақын арада шешеміз», деп отыр.

Есламбек Мәметеков, Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы:

Шындығына келгенде, жетіспейді. Бірақ оның барлығында, ол мәселені шешеміз. Біз бюджеттік сұраным бердік. Бүгінгі күні ақша, мінеки, кеше ғана бізге тағы облыстық білім басқармасынан қаражат бөлінді. Осыған байланысты біз алдағы уақытта 100%-ке шығамыз.

Ал ресми мәліметке сүйенсек, облыс бойынша орта білім ордаларының, 91%-і кең жолақты интернетке ие. Алдағы оқу жылына дейін 100% толық қамтылмақ. Бұл мақсатқа бюджеттен 160 миллион теңге бөлініп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы