379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ қазақстандықтарға Қытайдың кейбір қалаларына сапар шекпеуді ескертеді

  • 189
  • UPD: 22:24, 20.01.2020
ҚР ДСМ қазақстандықтарға Қытайдың кейбір қалаларына сапар шекпеуді ескертеді

Отандық зертханалар Қытайда эпидемияның таралуына түрткі болған короновирустың жаңа түрінің құрамын алды.

Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы зертханалар енді жаңа коронавирусқа арналған тест-жүйені құрастырып шығара алады. Бұл арқылы осы вирусты жұқтырған науқасқа жедел ем шараларын жасауға болады. «Оны жұқтырған адамның алғашында тыныс алуы қиындайды», - дейді мамандар. Қытайда бұл тұмау теңіз өнімдерінен таралуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан 1 қаңтардан бастап теңіз өнімдерін сататын базарлар карантинге жабылған. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдың кейбір қалалары мен провинцияларына сапар шекпеуге ескертеді.

Айта кетейік, әлемде короновирустық инфекцияның алғашқы жағдайы өткен жылдың желтоқсан айында Ухань қаласында анықталған болатын. Бүгінде жаңа инфекцияның 198 оқиғасы тіркелді. Аталған вирустан үш адам көз жұмған.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазіргі таңда тұмау және тұмауға ұқсас вирустың жағдайы тұрақты. Қазіргі таңда бізде былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 20%-ке төмен. Біздің зертханаларымыз мүмкіндігі бар, осы жаңа вирусты анықтаса, оны мезгілінде анықтап, тиісті инфекцияға қарсы алдын алу шараларын жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы