375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетпе ауылын шаңға көмген кәсіпорындар жұмысына шектеу қойылды

  • 108
  • UPD: 22:42, 20.01.2020
Шетпе ауылын шаңға көмген кәсіпорындар жұмысына шектеу қойылды

Маңғыстау облысына қарасты Шетпе ауылында республикалық трассаға шығатын өндірістік жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мұндағы тас карьерлерінен шыққан ірі жүк көліктері ауыл ішімен жүре алмайды. Бұл Экология департаменті мен аудандық әкімдіктің қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасаған әрекеті. Мұнда 30-ға жуық кәсіпорын он шақты жылдан бері тау қопарып, қиыршық тас өндіруде. Осыдан Шетпе шаңға көміліп, ауа ластанып жатыр. Экологтар тұрғындар шағымына орай 7 кәсіпорынды тексеріп, өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Құзырлы органдардың рұқсатынсыз тас уатқан мекемелерге 1 338 250 теңге айыппұл салынды. Ал, қоршаған ортаға келтірілген залалдың жалпы сомасы 13 млн теңгеден асты.

Руслан Төкенов, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Біз мұндағы ауаны ластап жатқан 7 мекеме экологиялық заң бұзушылықтарды жойғанға дейін олардың кейбір қызметтерін тоқтата тұру туралы талап-арыздарын бердік. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр. Сонымен қатар жер қатынастары басқармасына аталған кәсіпорындардың жер қойнауын пайдалану құқығын бұзу мәселесін қарау туралы қолдаухат жолдадық. Біз алдағы уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұсынысымен қалған карьерлерді тексереміз. Қалай болғанда да Шетпені шаңытуға, тұрғындар денсаулығына залал келтіруге жол бермеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы