377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қар шығару жұмыстары қарқындады

  • 96
  • UPD: 08:07, 21.01.2020
Ақтөбеде қар шығару жұмыстары қарқындады

Ақтөбе де көшелерді қардан тазалау қарқын алды. Орталық даңғылдардан өзге, екінші деңгейлі көшелерде жұмыс қызу. Жаңа жыл басталғалы бері облыс орталығынан 30 мың текше метр қар шығарылған.

Ал алдағы он күнде айналаны тағы да ақ ұлпа жабады деген болжам бар. Сондықтан да коммуналдық мекемелер істі ширатқан. Әдеттегіше қоғамдық көліктердің бағыты, көпірлер, жаяу жүргіншілер жолы басты назарда дейді мамандар. Бірақ қар шығару жұмыстары кезінде тұрғындар тарапынан кездесетін кедергілер де бар.

Ернар Қалауов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Жолдың жиегіндегі қарды тазартуға жеті бригада жұмыс істеп жатыр. Түн кезінде үш бригада жұмыс істеп жатыр және де қала көшелерінен жүргізушілерге қиындық туғызуға байланысты бір жақты көшелерден қар шығару жұмыстары басталды. Жеке сектордағы үйлер тұрғындарының қайтып қарды жолға лақтыруы бар және жүргізушілердің автокөліктерді жол жиегіне қойып кетуі, сондай ұсақ-ұсақ проблемаларымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы