376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жер сілкінген жағдайда тұрғындар қалай әрекет етуді білуі қажет – Сейсмологтар

  • 154
  • UPD: 08:56, 21.01.2020
Алматыда жер сілкінген жағдайда тұрғындар қалай әрекет етуді білуі қажет – Сейсмологтар

Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында жылына 10 мыңнан астам  түрлі дережелі жер дүмпуі тіркеледі. Бұл ақпаратты Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізген сейсмология институтының мамандары мәлімдеді. Жалпы Алматы өңірі Орталық Азияда сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақ саналады.

Соңғы аптада қалада екі мәрте жер дүмпуі болды. Мамандардың айтуынша, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан қала және облыс тұрғындары үнемі зілзалаға дайын болу керек. Сондай-ақ институттың сейсмикалық-әдістемелік экспедициясы жыл сайын ел аумағында тіркелетін 12 мың түрлі дәрежедегі жер дүмпулері туралы деректерді сараптайды. 

Алла Садыкова, сейсмология институтының зертхана меңгерушісі:

- «Кеше алматылықтар 3-4 баллдық жер дүмпуін сезінді. Оның негізгі ошағы Алматы қаласынан 400 шақырымдай жердегі  Қытайдың Қашқар аймағында болды. Алматы сейсмикалық қауіпті аймақ саналады. Сондықтан тұрғындар жер сілкінісі бола қалған жағдайда қандай іс-әрекет ету керектігін білу қажет.

Хабар 24 телеарнасы