376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та атыстан 2 адам қаза тапты

  • 93
  • UPD: 10:00, 21.01.2020
АҚШ-та атыстан 2 адам қаза тапты

Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында атыс болып екі адам қаза тапты. Тағы 15  адам жараланды.

Қайғылы оқиға түнгі клубтың маңында болған. Жергілікті футбол командасының жеңісін тойлауға жиналғандар арасында ер адам төбелес ұйымдастырыпты. Ізінше клубка кіруге кезекте тұрғандарға оқ ашқан. Полиция келгенше күзетшілер қылмыскерді жер жастандырған. Жаралағандардың үшеуі ауыр халде жатыр. Тергеу амалдары басталды. Әзірге оқиға орны қоршауға алынып, бұл ауданға автокөлікпен кіруге тыйым саынды.

Хабар 24 телеарнасы