376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕХӘҚМ әлеуметтік желілерде таратылған хабарламаларды теріске шығарды

  • 152
  • UPD: 10:50, 21.01.2020
ЕХӘҚМ әлеуметтік желілерде таратылған хабарламаларды теріске шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарына беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек биылғы ақпан айынан бастап АӘК алатын отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілетін болады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы