423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстан облысын қалың қар басып қалды

  • 571
  • UPD: 12:11, 21.01.2020

Қазгидромет мамандарының айтуынша, әсіресе Көкпекті, Шемонайха, Алтай, сынды шалғай аудандарға қар ерекше түскен. Мәселен Глубокое ауданы Секисовка ауылындағы қар жабындысының қалыңдығы 1 метр 20 см жеткен. Облыс орталығындағы жағдай да мәз емес. Сондықтан  шаһарда қаланы қардан тазарту шаралары атқарылуда. Дегенмен бұған жұрттың көңілі толмай жатқаны тағы рас.

- Эльмира,осыдан екі жыл бұрын  аймақта қатты тасқын болып еді.Биыл да сондай жағдай қайталануы мүмкін бе. Мамандар бұған не дейді? 

- Эльмира қала іші осылай болып жатса, шалғай аудандармен ауыл аймақтың жағдайы қандай?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Қайырлы күн, иә Жансая.  Биылғы толассыз жауған қар  өңір жұртын шынымен алаңдатып отыр. Осыдан екі жыл бұрынғы қатты тасқын елдің есінде.Ол кезде 1400 үйді су басып,3 мңыңға жуық адам эвакуацияланған еді. 4 аудан мен 3 шаһар қарғын судың астында қалып әбігерге түскен болатын.Соның ішінде осы Өскемен қаласы да болды,ол кезде 100 ге жуық аулаға су кірген еді.

Дегенмен, жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметі биыл жағдай толық бақылауда деп тағы да халықты  тыныштандыруда.Қыс басталғалы бері қаладан 70 мың текше метр қар шығарылған екен. Синоптиктер әлі де қарлы күндер көп деп болжап отыр,соған қарағанда  алдағы уақытта да қар шығаратын күндер аз емес сияқты. Бастапқыда техника мен маман жетіспешулігіне  байланысты қардан тазалау жұмыстары бірталай кешеуілдеп атқарылды. Кейіннен бұл сұрақ та шешіле бастады. Басында қардан тазату жұмыстарына 70 адам жұмылдырылса қазір 120 адамға жетті. Енді тағы 70 адамды осындай жұмысқа орналастыру жоспары тұр екен. Ал көшелерді қардан тазарту үшін 60 техника сапта жүр. Дегенмен, қала тұрғындарынан ақ ұлпа дер кезінде күрелмей жатыр деген шағымды жиі естиміз.Орталық көшелер тазаланса, шеткі  ықшам аудандар ұмыт қалуда. Ал қалалық төтенше жағдайлар қызметі болса, қардың көп түсуіне орай, қазір осындағы тасқын қаупі  бар деген аудандарды аралап жүр.

- Қардың көп түскені белгілі ендеше қаладағы әсіресе жеке секторлар қызыл судың астында қалмауы үшін қандай қам жасап жатырсыздар,жалпы қанша үйге қауіп төніп тұрғаны анықталды ма,ол қай аудандары қаланың? 

Дастан Ахметов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Иә, қаладағы атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп біз сараптау жұмыстарын жүргізік осылайша ең қапті деген аудандларды анықтап отырмыз. Әзірге жалпы 2 мыңға жуық үйге еріген қар суы енуі мүмкін деген болжам бар.

-Ал тұрғындарға не айтар едіңіз осы қауіпті маусым алдында?

- Тұрғындар енді бәріннен көмек күтіп отыра бермей өз аулаларын қардан таза ұстаса, маңайдағы арық көздерін бітемесе. Қарды күреп, сақтық шараларын күшейтсе, бұл да үлкен көмек болар еді. 

- Қала іші осылай болып жатса, шалғай аудандарда,ауыл аймақтың жағдайы қандай?

-  Шалғай аудандардағы жағдай тіпті қиын. біз кеше ғана Глубокое ауданында болып бұған куа болып қайттық.Қалың қар тұрғындарды әбден шаршатқан. Бүкіл үйлерін қора жайларын қар басқан халықтың қолынан бүгінде күрек түспей жүр.

Жалпы ТЖД өкілдерінің айтуынша, облыс бойынша 100 ден астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұр екен. Сондықтан тасқынның алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл шаруалардың қаншалықты сапалы әрі жауапты атқарылып жатқаны алдағы уақытта белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы