376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық компаниялар «Adventure Travel Show 2020» байқауына қатысты

  • 104
  • UPD: 12:26, 21.01.2020

Қазақстандық компаниялар белсенді туризмге арналған «Adventure Travel Show 2020» халықаралық байқауына қатысты. Алматы қаласының жеке стенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 жетекші туристік операторлардың арасынан табылды.

Кристин Лейн және Нарина Франктон зейнетке шықса да ел көріп, жер аралағанды жақсы көреді. Осы жасқа келгенш, жарты әлемді көрді. Алайда Қазақстанда болмапты Сырттай біледі. Көп мағұлмат алған. Тамаша табиғатымыз туралы естіді, тіпті ұлттық тағамдардан дәм татып көрген. Екі  әже енді Ұлы дала еліне қыдырамыз деп шешіп отыр. 

Кристин Лейн, саяхатшы:

- Менің Қазақстанға бару ойымда бар. Қатты қалаймын. Келер жылы сахаттаймын деп үміттенемін және киіз үйде тоқтағым келеді. 

Көрмеге Қазақстаннан қарқын алып келе жатқан бес отандық компания қатысты. Олардың ішкі, сыртқы, іскерлік және басқа да саяхат түрлері бойынша ұсынысы көп, бағдарламаларының аясы кең. 

Дәурен Уәлиев, туристік компания директоры:

- Британиялықтар шағын аралда өмір сүреді. Сондықтан кең байтақ Қазақстанның жерлері оларды әрқашан қызықтырады. Оның үстіне Қазақстан, Алматы облысы табиғи ландшафтардың түр-түрін ұсына алады. Құмды шөлдерден бастап, кең дала, орман, өзен, тауға дейін бар. 

Әмина Нұғманова,  туристік компания өкілі:

- Британиялықтардың хайкинг, трекинг секілді белсенді туризмге деген қызығушылығы орасан. Алматы тауларымен танымал екенін ескерсек туризмнің бұл түрлері кез келген маусымда өзекті.

Алматы қаласы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен «Adventure Travel show-ға» тұңғыш рет қатысып отыр. Басты мақсат - тау кластерін ілгерілету, ал олардың туристік өнімдері мақсатты аудиторияның қажеттілігін толық қанағаттандырады. 

Аслан Қоңырқанов, Алматы қаласы туризм басқармасының бөлім бастығы:

- Қалай сіздерге жетсек болады? Виза бізге керек пе? Қандай қызықты сіздерде туристік өнімдер бар? Не көрсек болады? Қанша күнге келсек болады? Бағасы қанша болады? Барлық сұрақтарына бізде жауап бар. Біздің туристік өнім өте жоғары деңгейде.

Айта кетейік, Қазақстан шытырман оқиғалы туризм үшін ыңғайлы үздік елдердің қатарына еніп отыр. Британиялық «Жаяу туристер» қауымдастығының пікірінше, біздің мемлекет саяхатшылар үшін қаражатты аз қажет ететін таптырмас мекен екен. Жаппай туризмді ұната бермейтіндер мұнда жергілікті мәдениет пен тылсым табиғатқа жақын бола алады, делінген сараптамада.

Авторы: Бауыржан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы