437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлігін онлайн жолмен қайта тіркеткендер саны артты

  • 171
Көлігін онлайн жолмен қайта тіркеткендер саны артты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай цифрландырудың арқасында мемлекеттік қызметті алу жеңілдей түскенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру ісіне қатты көңіл бөліп келеміз. Мәселен, кейінгі бір жарым жылда мамандандырылған ХҚО-ға барып, уақыт жоғалтпай, egov.kz порталы арқылы автокөлікті есепке қойып, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Әлбетте, кез келген жаңашылдықты адамдар әу баста бірден қабылдай қоймайтыны анық. Алайда, Қазақстанда egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметті алатын автокөлік иелерінің саны ондаған есе артқанын айта кету керек», – дейді Мұрат Жұманбай.

Оның жазуынша, 2019 жылы онлайн тәртіппен рәсімделген жүргізуші куәлігінің саны 8 есе, ал онлайн тәртіпте қайта тіркелген автолардың саны 20 есе артқан.

«2018 жылы жүргізуші куәлігін 19 409 қазақстандық онлайн тәртіпте рәсімдесе, 2019 жылы 153 мың адам рәсімдеген. 2018 жылы электронды тәртіп бойынша 5 мың адам көлігін қайта тіркесе, олардың саны былтыр 100 мыңнан асып кеткен», – дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы