426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін салық жергілікті бюжетке беріледі

  • 485
  • UPD: 13:06, 21.01.2020
Шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін салық жергілікті бюжетке беріледі

Биылдан бастап республикалық бюджетке тек ірі кәсіпкерлердің корпоративтік табыс салығы түседі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов мәлімдеді.

«Шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріле бастады. Осылайша, биыл жергілікті бюджетке 386,4 млрд теңге, келесі жылы 428,8 млрд теңге, 2022 жылы 471,4 млрд теңге түседі», - деді вице-министр.

Айтуынша, Ұлттық экономика және Қаржы министрлігі үш жыл сайын тізімді бекітіп отырады. Қазіргі уақытта 2020-2022 жылдарға арналған тізім Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Хабар 24 телеарнасы