377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөзде ашылған мұз айдындары тегін қызмет көрсетеді

  • 219
  • UPD: 13:20, 21.01.2020

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 20-дан астам мұз айдыны ашылды. Олардың жетеуі аудан орталығында болса, қалғандары шалғай ауылдарда. Жергілікті кәсіпкерлер көмегімен ашылған нысандар халыққа тегін қызмет көрсетеді. Қазір мектеп оқушылары осында өткізілетін түрлі жарыстарға қатысып шынығуда. Ойын қызығына батқан балалармен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Болат Көкенайұлы да тілдесіп қайтты.

Мұрагер Мұратхановтың хоккеймен айналысып жүргеніне 2 жылдан асыпты.  Шынқожа ауылының командасында ойнап, бірнеше жарыстарда топ жарып үлгерген. Міне бүгін де Ақшатау командасымен аудандық сайыста күш сынасып жатыр.

Мұрагер Мұратханов, «Шынқожа» командасының ойыншысы:

-Адам жалғыз емес, ол жанындағы достарының көмегі арқылы болады, тек қана мұзда сырғанау емес, барлық дененің қимылы арқылы ұйымшылыдық керек, жан-жақты болу керек. Қазақстан хоккейін дамытып, болашақта үлкен жарыстарға шықсам ба деген үміттемін. Және өзіміз ғана емес ауылдағы бауырларымызды да тартудамыз.

Аудан бойынша 21 мұз айдыны кәсіпкерлер көмегімен ашылған. Оның жетеуі Аягөз қаласында. Барлығы халыққа тегін қызмет жасап тұр. Бұқаралық спорттың дамуына жергілікті тұрғындар да дән риза. 

Амангелді Керімтаев, қала тұрғыны:

- Қысы-жазы бірдей түгелі ашық, тәуліктің кез-келген уақытында мұнда жүріп-тұрамыз, спорттың футбол дейсіз бе жазғы түрлері, басқа түрлері болса қызу жүріп жатады осында. Халықтың қызығушылығы да үлкен. Ең бастысы, мұнда спорттың бұқаралық түрі дамып келе жатыр. Спорт спорт үшін ғана емес, спорт денсаулық үшін, спорт жақсы, салауатты өмір салты үшін деген сияқты үлкен мақсаттарға бағындырылған.

Қуаныш Азыханов, аягөз қаласының әкімі:

-Олардың сырғанақ тебуіне жағдай жасалып, кешкі 7-ден бастап жарықпен қамтамасыз етілген, түнгі 11-12-лерге дейін жарық беріліп тұрады. Орталық мұз айдынында арнайы спорт мамандары жұмыс істейді. Оларға қалай тебу жөнінде көрсетіп отырады. Қалған 6 жердегі мұз айдындарында жеке кәсіпкерлер бекітілген. Осы жеке кәсіпкерлер өздері адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Аягөз аудандық спорт мектебінің жетекшісі Еркін Юсуповтың мәліметінше, биыл шаңғы, конькимен жүгіру сияқты қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Ол үшін арнайы құрал-жабдықтар сатып алыныпты. Ал алдағы жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мұз сарайын салу да көзделген.

Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы