375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында ҚХА волонтер қозғалысының орталығы ашылды

  • 123
  • UPD: 13:59, 21.01.2020
Қызылорда облысында ҚХА волонтер қозғалысының орталығы ашылды

Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы волонтерлер қозғалысының орталығы ашылды.

Оған этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттары қатысатын болады. Олар әлеуметтік салаға қатысты негізгі 4 жобаны жүзеге асыруға ниетті. Оның ішінде медиация саласы бойынша волонтерлікті дамытуға да басымдық берілген. Бұған дейін де «Достық» үйі жанындағы еріктілер жетім, қиын отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түрлі ойын-сауық, спортқа бейімдеу шараларын және танымдық саяхаттар ұйымдастырған болатын. Биыл бұл бағыттағы игі бастамалар ауқымы кеңейіп, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, аулаларды көгалдандырып, үй шаруашылығына көмектесу секілді нақты істер қолға алынбақ. 

Қанат Ақылбеков, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы:

- Волонтерлардың біліктілігін арттыруға байланысты семинарлар, олардың бірлігін арттыруға бағытталған шаралар, спорттық сайыстар соның барлығын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жасалуда. Осы шараның аясында ұсыныстар жинақталып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіледі. Ақылдасусыз жасақталған кейбір жоспарлар сынға тап болады. Сондықтан бірінші ақылдасу арқылы осындай жоспарды бірлесіп жүзеге асыруға жұмыстарды бастадық.

Хабар 24 телеарнасы