376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда әуежайды жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады

  • 138
Оралда әуежайды жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында былтыр Орал әуежайын жаңғырту жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда құрылыс кезінде бұрын байқалмаған ақаулар кешеуілдеп анықталған. Осыған байланысты нысанға қосымша зерттеу жүргізіліп, жобаға түзету енгізілді. Енді терминалдың екінші және үшінші бөліктерінде толықтай демонтаж жасалмақ. «Өзге де анықталған ақаулар түзетіледі. Бірақ құрылыс құнын қымбаттатпауға тырысамыз», – дейді жауапты тұлғалар. Әуежай ғимаратының аумағы жаңартылған соң екі есе өсіп, 7 мың шаршы метрге жетпек.

Диас Жәнібеков, «Ақжайық» ӘКК басқарма төрағасы:

– Ғимарат іргетасының отырып кеткендігі, тиісті нормаларға сай келмейтініне байланысты жоба түзетіліп, жалпы дизайны өзгерді. Бірақ құрылыс құнынан ауытқымауға тырысамыз. Себебі бұған дейін жаңғырту жұмыстарының бюджеті 2 миллиард 400 миллион теңге деп белгіленіп, бекітілді. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Келер жылы тапсырамыз.

Хабар 24 телеарнасы