377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылған

  • 279
  • UPD: 19:50, 21.01.2020
Өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылған

Былтыр Қазақстандағы шетелдік көліктер 90 мыңнан астам жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылы бұл көрсеткіш 27 мыңның шамасында болған. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деді. Оның айтуынша, шетелдік көліктерді тізгіндеген Қазақстан азаматтары 1800-ге жуық жол көлік оқиғасына себеп болған көрінеді. «132 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат жарақат алды», – деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ ол қоғамда түрлі пікірталас тудырған Армения және Қырғызстанда тіркелген көліктерге қатысты түсініктеме берді.

Марат Қожаев, ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

– Ресми дерек бойынша, өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылыпты. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, полицияның шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығару жөніндегі жоспары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ мәселені шешудің оңтайлы жолын іздеу үшін Арменияға арнайы топ жіберілді деді министрдің орынбасары.

Хабар 24 телеарнасы