376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадр резервіне енгендердің жүзге жуығы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі

  • 120
  • UPD: 21:20, 21.01.2020
Президенттік кадр резервіне енгендердің жүзге жуығы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі

Бұл халықаралық степендияның елімізде білімді жастар буынын дайындауға үлкен үлес қосқанын тағы бір дәлелдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – Лаура Демесінова. Швейцариядағы белді оқу орнының бизнес саласы бойынша магистрі. Білікті маман мемлекеттік бірнеше компанияда еңбек етіп, тәжірибесін шыңдаған. Бүгінде «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры. Қазір әлеуметтік бағыттағы бірнеше жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Соның бірі ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейінің айырмашылығын жою. Бұл үшін волонтерлердің көмегіне жүгіне отырып, шалғай жерлерде маңызды пәндерді қосымша оқыту үйірмелерін ұйымдастырмақ.

Лаура Демесінова, «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры:

– Қазіргі кезде барлығымыз білеміз, қала және ауылдық жерлерде тұратын мектеп оқушыларының білімі бір деңгейде емес. Қаладағы оқушылардың білімі жоғарылау. Сол айырмашылықты түсіру үшін жоба ұсынған болатынмын. Жоғары деңгейдегі білімі бар ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгерген және де Ұлттық бірыңғай тестілеуге көмектесетін басқа да волонтерлық еріктілерді шақыру менің жобамның аясында.

Хабар 24 телеарнасы