443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде 29300 шетелдікке квота қарастырылған

  • 201
  • UPD: 09:22, 22.01.2020
Биыл елімізде 29300 шетелдікке квота қарастырылған

Биылғы, яғни 1 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында, яғни, 8623 адам, тау-кен өнеркәсібінде 2213 жұмысшы болса, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1557 адам жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 48700 бірлік мөлшерінде бекітілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін квота көлемі 2020 жылға 29300 мың бірлікті құрайды.

Хабар 24 телеарнасы