445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы өсті

  • 230
  • UPD: 10:21, 22.01.2020
Елімізде жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы өсті

Өткен жылы өндірістік жайларды жалға беру бағасы 0,8%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды жалға беру құны 0,4% өсті.

Бұл туралы Статистика комитеті жазды. 

Тұрмыстық қызмет көрсететін пунктер, сервистерді және қойма жайларды жалға беру бағасы 0,1%-дан төмендеді.

«2019 жылдың желтоқсанында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалға берудің ең жоғары баға өсімі автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша – 2,5%, дәріханаларда – 1,5%, өнеркәсіптік базалар және валюта айырбастау пунктерін – 0,9% құрады. Дүңгіршектерді жалға беру 9%, фитнес клубтары және жаттығу залдарын жалға беру бағасы – 1,2% арзандады», – делінген Комитет хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы