445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Бразилия арасында қашып жүрген қылмыскерлер өз еліне экстрадицияланады

  • 218
  • UPD: 11:06, 22.01.2020
Қазақстан мен Бразилия арасында қашып жүрген қылмыскерлер өз еліне экстрадицияланады

Құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген адамдар Қазақстан мен Бразилия арасында қашып жүрсе, олар қылмыстық жауапқа тартылады және сот үкімін орындау үшін экстрадицияланады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы шартты ратификациялау ұсынылды.

«Егер белгілі бір адам Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Дәл осылайша егер қылмыскер Қазақстанда жасырынып жүрсе, Бразилия тарапына экстрадициялауға міндетті боламыз», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Мұратұлы.

Айтуынша, бүгінде Бразилияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ, елімізде де Бразилия органдары іздеу салған адамдар жоқ.

Өз сөзінде қазіргі уақытта шетелдермен осындай 21 екіжақты шарт бар екенін айтып өтті.

«Жақын арада Аргентинамен, Перу, Доминикан, Кипр, Малайзия және Грекиямен келісімдерге қол қоямыз», - деді М.Мұратұлы.

Ал Бразилиямен арадағы шартқа 2012 жылы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Бразилияның әділет министрі қол қойған.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы