376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы: Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор

  • 129
  • UPD: 10:51, 22.01.2020
Ауыл шаруашылығы: Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор

АҚШ-тың ауылшаруашылық саласының мамандары да «Қазақстанмен ынтымақтастықтың болашағы зор», дейді.

Олардың пікірінше, қазақстандық фермерлер инновациялық жобаларға үлкен қызуғышылық білдіріп, өз кәсібіне жаңа технологиялар ендіруге тырысып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миннесотадағы ірі агроөнеркәсіп компаниясының вице-президенті Питер Джонстың айтуынша, олар қазақстандық сапалы биоөнімдерді сатып алуға дайын. Сондай-ақ компания қазақстандық фермерлерге өнімділікті арттыруға бағытталған шешімдерді табуға көмек бермек.

Питер Джонс, Агроөнеркәсіп компаниясының вице-президенті (Миннесота):

- Ауылшаруашылық саласында Қазақстан мен АҚШ арасында ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Менің білуімше, Қазақстан ауылшаруашылық министрлігі 2020 жылы экспорт көлемін 40%-ке арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатқа жету үшін қазақстандық фермерлер жұмыс тиімділігін арттырып, өнім сапасын көтеруі қажет. Бұл тұста білімнің маңызы зор. Біз Қазақстандағы Аграрлық университетпен ынтымақтастық меморандумына қол қойып, өз біліміміз, тәжірибеміз бен ноу-хаумен бөлісіп келеміз. Оқу орны өз кезегінде отандық өндірушілерді осыған үйретеді.

Хабар 24 телеарнасы