419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: 300 адамнан жауап алынды

  • 834
  • UPD: 13:16, 22.01.2020
Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: 300 адамнан жауап алынды

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 300 адамнан жауап алынғанын хабарлады, деп жазды tengrinews.kz.

«Дерек бойынша қылмыстық іс бар, соған байланысты жан-жақты тергеу шаралары жүргізіледі. Соның нәтижесінде бүкіл мән-жай анықталады. 300 адамнан жауап алынды», – деді Ахметжанов.

2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматы маңындағы әуе апатының негізгі нұсқасы әуе кемесіне мұз қатуы себеп болғанын айтқан еді.

Мұның алдында Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған апатқа қатысты «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ пайдаланушы сертификатының және ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатқаны туралы жазғанбыз.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы