427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысы көмір жағуға көшеді

  • 677
  • UPD: 14:15, 22.01.2020
Қостанай облысы көмір жағуға көшеді

Арқалық қаласына жылыту маусымына 25 мың тонна мазут қажет, деп хабарлайды «Хабар 24»

Соның 23 мың тоннасына мемлекет дотация бөледі. Ол ақшаға шаққанда 2 миллиард 700 миллион теңге. Шағын қаланы жылытуға ортақ қазынадан жыл сайын осыншама қаржы жұмсалады. Енді шығыны шаш етектен келетін мазуттан құтылатын мүмкіндік туды. Биыл жергілікті жылу энергетикалық орталығын көмірге ауыстыру жұмыстары басталып кетті. Ауқымды жобаның сараптамасы жасалып, тендер арқылы қазандықты қайта жарақтайтын мердігер анықталды. «Көмірге көшкенде тұрғындар үшін жылу тарифі де төмендеуі ықтимал», – дейді қала басшылығы.

Қайрат Әбішев, Арқалық қаласының әкімі:

– Жоба бойынша 19 айда салынуы тиісті. Келесі жылдың тамыз айына дейін қатарға кіргізуге міндеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы