loader

Елордада күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондары таныстырылды

Елордада күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондары таныстырылды

Бүгін «Нұрлы жол» вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры М.Кортюм БАҚ өкілдеріне Гомель қаласында (Беларусь Республикасы) күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондарын көрсетті.

Ескі вагоннан жөндеу кезінде тұтас металл шанақ пен арба рамасы ғана қалады. Қалған бөлшектері толықтай жаңартылады.
Вагон ішінде енді бейнебақылау, кондиционер жүйесі, әрбір жолаушының отыратын орнында 220 В розетка, жолсерікті шақыруға арналған сигналдық түймешек, таза су құтылары, тоңазатқыш пен қысқа толқынды пеш орнатылған.
Компанияның даму стратегиясының маңызды бағыттарының бірі – жолаушылар вагондарының тапшылығын шешу.

Онда вагондардың санына ғана емес, сапасына да көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта ескі вагондарды жөндеу кестесі әзірленген. Вагон паркін кезең-кезеңмен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын 100 вагонға дейін жаңаратын болады.
Жалпы 2016-2019 жылдар аралығында 269 вагон сатып алынды. Оның ішінде өткен жылы «Тұлпар» ЖШС вагон жасау зауытының ресей технологиясы бойынша құрастырылған 91 жаңа вагоны бар. 2020 жылы «Тұлпар» ЖШС-нен 118 вагон сатып алу жоспарлануда. Оның 18-і 2020 жылдың 1 тоқсанында, ал қалғаны 2020 жылдың 4-тоқсанында.
Сондай-ақ, қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін 85 вагонды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушы паркінде 2200-ден астам вагон болса, оның ішінде «Тұлпар – Тальго» вагондарының саны 670.

Анықтама:
Бір вагонды күрделі жөндеуден өткізу 148 млн.теңге тұрады.
Ал жаңа жолаушы вагонының құны 400 млн.теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ...