447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегін таратылатын дәрі-дәрмек пен медициналық жабдыққа 232 млрд теңге жұмсалды

  • 211
  • UPD: 16:39, 22.01.2020
Тегін таратылатын дәрі-дәрмек пен медициналық жабдыққа 232 млрд теңге жұмсалды

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін таратылатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитеті мүшелерінің отырысында айтылды. Жауапты өкілдердің айтуынша, биыл 1 385 тегін таратылатын дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық бекітілген. Оларды алуға 232 млрд теңге жұмсалыпты. Дәрінің сапасына күмән келтіргендер сары карта толтыруға құқылы. Былтыр ұлттық дәрі-дәрмек сапасын қадағалау орталығы 4 мың картаны қараған екен. Оған қоса биылдан бастап елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленетін болады.  

Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Тегін дәрі-дәрмектің бағасы ең біріншіден қамтамасыз ету, яғни МӘМС аясында және мемлекеттік кепілденген медициналық көмек аясында біздің баға бірдей. Тегін береміз бүкіл науқасқа тегін болады. Бұл жерде баға туралы сұрақ туындамайды. Бірақ жергілікті жекеменшік дәріханалар өз қаражатына дәрі-дәрмек сатып алатындықтан бағасын қадағалау денсаулық сақтау министрлігінің аясында. Менің ақпаратым дұрыс болса, осы жылдың басында жаңа бұйрық шықты. Бағаларды қадағалау, оның ішінде 1,5 мың дәрі-дәрмектің жаңа бағасы пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы