424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдаған әйел сотталды

  • 666
  • UPD: 17:50, 22.01.2020

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел 7 жарым жылға сотталды. Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында – бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген.

Және осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен. Түркістандық азамат экс-жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген. Тәртіп сақшыларының айтуымен киллер пышағын жалаңдатып, өлген кейіп танытқан күйеуінің үстіне қан жағылған фотосуретті тапсырыс иесіне жібереді. Қылмыстық ойы толық орындалғанына көзі жеткен әйел бұрынғы жарының атына тіркелген мүліктер балаларына мұра ретінде өткесін, келісілген гонорарын беретінін айтады. Осы ретте оны тәртіп сақшылары қолға түсірді. Айыпталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Сотталушының кәмелетке толмаған қызы енді әкесінің қамқорлығына өтеді. Қалғандары ересек.

Асхат Сабыров, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Адам қылмысқа дайындалғаны үшін аталған баптың ең жоғарғы шегінде көрсетілген жазаның тең жартысында көрсетілген жазадан асыруға болмайды. Бұл жерде 20 жыл көзделген болса оның тең жартысы 10 жыл. Сотталушының қылмыстық жазасы мен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жай болмаған кезде ең жоғарғы шекте көрсетілген жазаның 4 тен 3 бөлігінен асыруға болмайды. Бұл жерде 10 жылдың 4 тен 3 бөлігі 7 жыл 6 айды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы