414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 250 млн теңге мақсатсыз жұмсалған

  • 519
  • UPD: 19:47, 22.01.2020

«Еңбек» бағдарламасы арқылы 700 адамды оқытуға кеткен 250 млн теңге мақсатсыз жұмсалған. Түптеп келгенде, қайта даярлық курсынан өтіп, кәсіптік білім алғандар бұл бағдарламаға мүлдем қатыспаулары тиіс болған. 

Яғни олар жоба талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды. 2017 жылдан бері бағдарламаға жалпы 1 млн 300 мың адам қатысқан. Соның тек 500 мыңға жуығы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан. Жобаны іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 88 қылмыс тіркеген. Олардың негізгі бөлігі парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және жымқыру фактілеріне тиесілі. Сотқа 56 қылмыстық іс жіберілген. Салдарынан 28 адам сотталған. 

Омархан Өксікбаев, Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы: 

- Нарықта сұранысы жоқ мамандықтарды оқытып ғана қоймай, тіркеліп үлгірмеген  кәсіпкерлер мен салық аударымдары бойынша қарызы бар тұлғаларға да заңсыз  несие  берілген. Сондай-ақ мемлекеттен алған қаражатты  автокөлік пен жылжымайтын көлік сатып алу оқиғалары да жетіп артылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, енді ондай фактілерге жол берілмейді. Биылдан бастап «Еңбек» бағдарламасының тиімділігін арттыру бағытында  жаңа тетіктері іске қосылды.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Сондай-ақ қоғамдық кеңес  мүшелері Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жақановты, Түркістан облысы мен  Шымкент қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары Әсия Темірбаева мен Ғалымжан Балтаевты және министрліктің жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатинді тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы