429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау іргесіндегі 7 мың халқы бар ауылдарда автобус қатынасы қиындап тұр

  • 553
  • UPD: 19:49, 22.01.2020

Атырау қаласы іргесіндегі жеті мыңнан астам тұрғыны бар үш ауылда үш айдан бері жолаушылар тасымалы жолға қойылмай келеді. Әзірге тұрғындардың арызына жергілікті билік тұшымды жауап бермей отыр. Жалпы Кеңөзек ауылдық округіне қарасты ауылдарда жолаушы тасымалынан өзге де өзекті проблемалар жеткілікті көрінеді. 

Тасқала ауылының байырғы тұрғыны, бес баланың анасы Зұмрат Ілиясова, әр таңды аялдамада қарсы алады екен. Балаларының алды мектепке, кейінгілері балабақшаға уақытылы барулары үшін автобус күтіп сарылатынын айтады.  

Зұмрат Ілиясова, Тасқала ауылының тұрғыны:

- Бір-екі маршрут болғанның өзінде бізді баламен алмай кетеді. Көп күтеміз. Бір сағаттай күтіп қаламыз. балалар тоңады. Түс әлетінде де сол. балалар сабақтан қалады, таксиге отырсақ, ақша төлейміз.

Кеңөзек ауылдық округіне қаладан 51-номерлі жалғыз автобус қатынайды. Оның жұмысы да мардымсыз. Жалпы тек қатынас қана емес бұл ауылда өзге де өзекті проблемалар жетіп артылатын сыңайлы. 

БЛИЦ:

-  Желді күні тығылатын жер жоқ. Дүкендер  ешетңе алмасаң шығарып жібереді. Сондықтан бір аялдама болса да кіріп жылынатын орын керек. Сосын көшеде жарық  жоқ. балалр түнде келгенде өзіміз былай жүргенде қорқынышты, жарық жоқ. Бұралқы иттер көп. Милиция да жоқ.  

Тұрғындар сөзінің ақиқатына біз де көз жеткіздік. Бүкіл ауылды аралағанда жалғыз аялдама көзімізге шалынды. Оның да жағдайы мәз емес. Бұл проблемалардан ауыл әкімдіктегілері хабардар. Алайда қаржы тапшылығы қолбайлау боп отыр дейді билік басындағылар.  

Ернар Өтешқалиев, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі:

- 12 аялдама салу жөнінде біз ұсыныс берген болатынбыз. осы округке қарасты елдімекендерге. Жоспарымызда бар, болашақта. Жалпы жоспарға енгізілгенмен қаражаттың бөлінуіне қарай шешілетін нәрсе. Нақты бүгін-ертең аялдама мәселесі шешіледі деп  айта алмаймыз.

Енді автобус қатынасы туралы мәселеге оралайық. Атырау қаласының жолауышлар тасымалына жауапты  «Смарт Атырау» мекемесінен білгеніміз, мұның барлығы уақытша қиындық. Таяу күндері автопарк жаңа автобустарды жолға шығармақ. 

Әділбек Тәңкиев, «Смарт Атырау» мекемесінің директоры:

- Қазіргі таңда Тасқалаға қатынайтын 51 маршрут тендерге берілген болатын. 1 ай болды. Ол проблема жөнінде біздер білеміз. Осы жұма күні тендер өтетін болады. Мердігер мекеме анықталып, жұмысқа шығады. 

Ал әзірге округке қарасы үш ауылдың тұрғындары бала-шағасымен такси жалдауға болмаса, жаяу қатынауға мәжбүр. Бірақ облыс орталығына дейінгі арақашықтық 7 шақырыман артық екенін ескерсек, ол да оңай шаруа емес. Жоқ жерден нәпақа іздеген такси иелері жолақысын күрт көтеріп жіберген.  

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы