377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бозбаланы басып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

  • 104
  • UPD: 21:16, 22.01.2020
Атырауда бозбаланы басып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Атырауда тапа-тал түсте көшеде автокөлікпен жарыс ұйымдастырып, адам қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты. 

Естеріңізге сала кетсек, облыс орталығындағы Мұса Баймұқанов көшесі бойында өткен жылдың 21 қыркүйегінде көшеде екі автокөлік бір-бірімен жарысқа түсіп, жаяу жүргіншілер жолағынан бейқам өтіп бара жатқан Нұртаң Мақсотовты 145 шақырымдық жылдамдықпен қағып өткен болатын. Ауыр соққыдан 17 жастағы бозбала оқиға орнында тіл тартпастан жан тәсілім етті. Ал бүгін сот өз кінәсін толық мойындап балалығы мен шалалығын және бұрын істі болмағанын алға тартқан Данияр Сәтиевқа жазасын қауіптілігі барынша төмендетілген түзеу мекемесінде өтеуге үкім шығарды.  

Жұмағали Әшімов,  № 2 соттың судьясы:

- Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен азамат Данияр Сәтиевті кінәлі деп таныды. Айыпталушыға  2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға және автокөлік жүргізуді 5 жылға шектеуге үкім шығарды.

Хабар 24 телеарнасы