420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің 47 учаскесінде жол жабық

  • 775
  • UPD: 17:45, 30.01.2020
Еліміздің 47 учаскесінде жол жабық

«Қазгидромет» республикамыздың төрт облысында күн бұзылатыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Түркістан облысында тұман түсіп, боран соғуы мүмкін. Шығыс Қазақстанда қарлы боран, жол тайғақ. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қар жауады деп күтілуде. Соңғы деректерге қарағанда еліміздің қырық жеті учаскесінде жол жабық. Бұл – шамамен бүкіл республикалық жолдардың жиырма проценті. Төтенше жағдайлар саласының мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Комитет мамандары жолаушылар мен тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Полиция қызметкерлері де жол бойында. Тіпті сағат сайын жүргізушілерге арнап бейне хабарлама таратып жүр.

Хабар 24 телеарнасы