426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казино анықталды

  • 487
Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казино анықталды PokerStars Casino

Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казиноны анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер құмар ойынның көрігін облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінің жөртөлесінде қыздырып келген. Арнайы операция барысында 22 ойыншы қолға түсті. Мұнымен қоса мамандар көлеңкелі бизнес өркендеген бұл жерден покер үстелімен фишкаларын, 1 миллион 270 мың теңгеден астам қаржы және 22 мобильді телефонды тәркіледі. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, астыртын казино тек тұрақты ойыншыларға ғана қызмет көрсетіп отырған. Қазір аталған дерекке қатысты іс қозғылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Виктория Пивоварова, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

– Казино ойынын ұйымдастырғандарға 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады. Не болмаса олар бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Мұнымен қоса, операция кезінде қолға түскен азаматтардың құмар ойындарды ойнағандары дәлелденсе, олар да жауапқа тартылатын болады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында соңғы рет мұндай казиноның жұмысы 2017 жылы әшкерелеген екен.

Хабар 24 телеарнасы