376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандықтар енді кабинеттерді аралап әуре болмайды

  • 187
  • UPD: 09:24, 23.01.2020
Талдықорғандықтар енді кабинеттерді аралап әуре болмайды

Тұрғындарға көрсетілетін 400-ден астам қызмет түрі бір орталыққа шоғырландырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында сервистік әкімдік ашылды. Онда жер қатынастары, архитектура, білім, жұмыспен қамту сынды бірнеше бөлімнің мамандары отырады. Олар қалалықтарға жан-жақты кеңес беріп, мәселесінің заң аясында шешілуіне ықпал етеді. Ал әкім немесе орынбасарларына жолыққысы келген азаматтар үшін «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Мұндай орталықтар билік пен бұқара арасын жақындатып, ашықтықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етпек. Бұл облыс аумағындағы бесінші сервистік әкімдік.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы:

– Қай жерде ашылды, ол жерден бізге түсіп жатқан шағым жоқ. Мені қабылдамай қойды, таппадық, жұмыс орнында жоқ деген бірде-бір шағым түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы