435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек ұйымдарының индустриялық сертификаттарды алуда кемшіліктер анықталды

  • 231
  • UPD: 09:25, 23.01.2020
Мүгедек ұйымдарының индустриялық сертификаттарды алуда кемшіліктер анықталды Almaty.tv

«Атамекен» кәсіпкерлер палата өкілдері мүгедектер ұйымдарының қатысуымен осы мәселеге байланысты жиын өткізді.

Палата өкілдерінің айтуынша, салада өндірісті бағалауға арналған арнайы талаптар жоқ. Сондықтан аталмыш ұйымдар индустриялық сертификатты жалпы негізде алады. Осы орайда мүгедектер ұйымының еңбегін жаңаша бағалау ұсынылды. Ал ол талаптар әзірлегенге дейін, индустриялық сертификатты беру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Бұған қоса, Қаржы министрлігіне мүгедектер ұйымына талаптарды жеңілдету мәселесі ұсынылды.

Айта кетейік, елімізде соңғы сегіз айда сертификат алған 238 ұйымның 43-і мүмкіндігі шектеулі жандар үлесінде.

Хабар 24 телеарнасы