381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ерекше балаларға арналған стоматологиялық бөлім ашылды

  • 127
  • UPD: 10:47, 23.01.2020
Қарағандыда ерекше балаларға арналған стоматологиялық бөлім ашылды

Қарағандыда ерекше балалардың тістерін наркоз арқылы емдейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық стоматологиялық емханада ауыр аллергия мен психоневрологиялық сырқаты бар кішкентай пациенттерге арнайы бөлім ашылды.

Айта кету керек, осыған дейін аталмыш балалар мұнда тек тек тіс жұлу қызметін ғана алатын. Ата аналардың бұған көңілі толмайтын. Қазір заманауи жабдықтардың көмегімен тіс емдеу мүмкіндігі пайда болды. Мұндай медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қолжетімді болып отыр. Емханада жүкті әйелдер мен ауыр аллергиясы және ми дамуында ауытқушылық бар науқастар тегін стоматологиялық көмек ала алады.

Ирина Шепетовская, қала тұрғыны:

– Біздің жергілікті наркозға аллергиямыз бар. Қазір арнайы тест тапсырып, тісті наркозбен емдеуді ең қауіпсіз шара ретінді ұсынды. Бұл шара анестезиологтың қатысуымен өтеді.

Хабар 24 телеарнасы