427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ішінде жүкті әйел бар жедел жәрдем жолда қалған

  • 453
  • UPD: 10:24, 23.01.2020
Павлодар облысында ішінде жүкті әйел бар жедел жәрдем жолда қалған pavlodarnews.kz

Төртқұдық ауылынан Екібастұз қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігі Шідерті кентінен 20 шақырым жерде республикалық тасжолда батып қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз өңірінің құтқарушылар пультіне 23 қаңтарға қараған түні сағат 04:00 шамасында 40 апта жүктілік мерзіміндегі әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына көмек көрсету үшін жедел түрде «Трэкол» жол талғамайтын көлік құралымен 2 құтқарушысы бар жедел құтқару жасағының кезекші ауысымы жіберілді, – деді департаментте. – Сондай-ақ екінші жедел жәрдем көлігі шықты. Алайда ол қаладан 15 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар 2 медициналық қызметкер мен жолда тұрып қалған автокөліктен екі адамды, яғни босанатын әйелді жұбайымен бірге қар құрсауынан алып шықты. Жедел-құтқару жасағы сағат 06:36-да Екібастұз қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан емдеу мекемесіне тасымалдау үшін күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жолаушыларды алып барды. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында босанатын әйел дер кезінде ауруханаға жетті».

Хабар 24 телеарнасы