Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі уақытта полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кеше түннен бері қалада 80-ге жуық жол көлік оқиғасы болған. Одан зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары тұрғындарды патрульдік полицияның талаптарын сақтауға, жеке көліктерімен емес, қоғамдық көлікпен жүруге шақырады. Сондай-ақ автокөліктерін жол бойында қалдырмауды, қар тазалауға кедергі жасамауды сұрайды.