376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қар тазалау цифрлық технологияға көшірілді

  • 104
  • UPD: 11:54, 23.01.2020
Оралда қар тазалау цифрлық технологияға көшірілді

Орал қаласында көшенің қарын тазалау жұмыстары цифрлық технологияға көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Жұмыстарды басқару, бақылау және есептеу» бағдарламасы жасалып, жуырда қолданысқа енгізілді. Қала тазалығына жауапты коммуналдық кәсіпорынның жүргізушілері мен механизаторларына жаңа тәсілдің жай-жапсары түсіндірілген соң, 120 техника осы жүйеге қосылған. Осы арқылы әрбір жұмысшыға тапсырма электронды түрде беріліп, кімнің қай жерде жүргені, немен айналысып жатқаны компьютерден көрініп тұрмақ. «IKomek» арқылы тұрғындар да бағдарламаға кіре алады. Өз кезегінде бұл қызмет сапасын арттырып, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтпек. Бұрынғыдай қала сыртына шығарылған қардың мөлшерін қосып жазып, жалған ақпарат берудің енді жолы кесіледі дейді мамандар.

Жандос Сәлімов, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Жұмыстардың бәрін көре аламыз. Көріп отырған соң, жүргізушілер маршрут бойынша жүреді. Сосын жасап жатқан жұмыстардың есебінде уақыты да көрінеді. Бұрын база болған жоқ. Соның ішінде барлық жұмыс жазылып тұрады. Бірақ біз көре алмайтын едік.

Хабар 24 телеарнасы