417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ІІМ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады

  • 635
  • UPD: 12:25, 23.01.2020
ҚР ІІМ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев аға лейтенант Айдос Сәдуов пен сержант Жандос Шаймардиновты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдармен марапаттады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2019 жылғы желтоқсан айында кезекті торуылдау барысында олар жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды қолға түсірді. 

2019 жылдың қазан айынан бастап Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған, Ақтау және басқада қалаларда әскери қызметшілер ҚР ІІМ бөлімшелерімен бірлесе торуылдауда.

«Мен азаматтардың тыныштығын қорғайтын әскердің бар екенін біле отырып, әрбір қазақстандық өзінің қауіпсіз екенін сезінсе деймін. Бұл үшін менің қызметтестерім қолынан келгенін аянып қалмайды. Полиция қызметкерлерімен бірге күндіз және түнде де көшелерді күзету кезінде біз өз халқымызды қорғауға және қызмет етуге саналы таңдау жасаймыз», – деп атап өтті аға лейтенант Айдос Сәдуов.

 

Хабар 24 телеарнасы