376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берілді

  • 136
  • UPD: 13:11, 23.01.2020
Қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берілді

Қытайда жүрген немесе сол жақтан келген қазақстандықтардан респираторлық ауру симптомдары байқалса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек немесе дәрігерге сол аймағына барғаны туралы хабарлау керек.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин ОҚК брифингінде мәлімдеді.

«Аса маңызды жағдай болмаса, Қытайға сапарға шығудан бас тартқан жөн», - деді Ж.Бекшин.

Айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қазақстандықтар сапарларын шегеріп, билеттерін өткізіп жатыр.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы