437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында боранда қалған 47 жолаушы құтқарылды

  • 118
  • UPD: 13:30, 23.01.2020
Қарағанды облысында боранда қалған 47 жолаушы құтқарылды

Қарағанды облысында да күн райының қолайсыздығынан барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ соған қарамастан алыс сапарға шығып кеткен 47 жолаушы түнде қар құрсауынан құтқарылған. Қазір 220 техника республикалық маңызы бар жолдарды ақ ұлпадан аршып жатыр. Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек бораннан өңірдегі барлық мектепте 1 мен 11-сынып арасында сабақ тоқтатылған, сондай-ақ колледждің 1 және 2-курс студенттері бүгінгі сабақтан босатылды.

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық ТЖД басшысы:

– Бүгінгі күні бір тәулікте 47 адам құтқарылды және 126 бірлік техника мен 200-дей адам осы жұмыстарға жұмылдырылып жатыр. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, осы жұмада қардың жаууы тоқтамайды және желдің де күші 10-15 метрге сақталады.

Хабар 24 телеарнасы