381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

  • 94
  • UPD: 13:30, 23.01.2020
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Ақтүтек боран солтүстікқазақстандықтарды да әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райына байланысты қазір республикалық маңызы бар жолдардың 6 учаскесі және төрт бірдей ауданда барлық облыстық жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Бұл жолдар негізінен облыстың оңтүстік батыс бөлігінде екенін айта кету қажет. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кешеден бері қар құрсауында қалып қойған 53 адамды құтқарды. Оның 9-ы – бала. Жалпы айта кету қажет, өңірде түскен қардың мөлшері сәйкес мерзіммен салыстырғанда екі есе көп.

Рамиль Қамалов, облыстық ТЖД бастығы:

– Облыста сенбі күнге дейін дабылды ескерту жарияланды. Жағдай Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал Ақын сынды аудандарда қиын. Осыған байланысты біздің мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Егер алдағы уақытта боран күшейсе, жедел штаб құрылатын болады. Жалпы бүгінгі күні облыста 300-ден астам жылыту бекеті бар. Олардың барлығы дайын тұр.

Хабар 24 телеарнасы